Бұлтты сегментпен синхрондау: жылжыту ережесін конфигурациялау

Барлығын жаю | Барлығын жию

Бұлтты ортаны конфигурациялау кезінде Бұлтты ортамен синхрондау ережесі автоматты түрде жасалады. Бұл ереже әрбір сауалнамада табылған құрылғыларды Тағайындалмаған құрылғылар тобынан Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобына автоматты түрде көшіруге мүмкіндік береді, осылайша құрылғылар орталықтан басқару үшін қолжетімді болады. Әдепкі бойынша, ереже жасалғаннан кейін қосулы болады. Сіз ережені қалған уақытта өшіре аласыз, өзгерте аласыз немесе қолдана аласыз.

Бұлтпен синхрондау ережесінің сипаттарын өзгерту және/немесе ережені қолдану үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыруОрналастыру және тағайындау → Жылжыту ережелері бөліміне өтіңіз.

    Жылжыту ережелері тізімі ашылады.

  2. Жылжыту ережелері тізімінен Бұлтпен синхрондау тармағын таңдаңыз.

    Ереже сипаттары терезесі ашылады.

  3. Қажет болса, Бұлттық сегменттер қойындысының Ереже шарттары қойындысында келесі параметрлерді көрсетіңіз:
    • Құрылғы бұлттық сегментте орналасқан
    • Қосалқы нысандарды қосу
    • Құрылғыларды кірістірілген нысандардан сәйкес қосалқы топтарға жылжыту
    • Жаңадан анықталған құрылғылардың сақтау орындарына қатысты ішкі топтарды жасау
    • Бұлттық сегменттерде сәйкестік жоқ ішкі топтарды жою

    Бұлтты ортаны конфигурациялау кезінде Бұлт құрылымы бар басқару топтарын синхрондау параметрін қосқан болсаңыз, онд Бұлтпен синхрондау ережесі Жаңадан анықталған құрылғылардың сақтау орындарына қатысты ішкі топтарды жасау және Бұлттық сегменттерде сәйкестік жоқ ішкі топтарды жою қосулы параметрлерімен жасалады.

    Бұлт құрылымы бар басқару топтарын синхрондау параметрін қоспаған болсаңыз, Бұлтпен синхрондау ережесі осы өшірулі параметрлермен (жалаушалары алынған) бірге жасалады. Kaspersky Security Center бағдарламасымен жұмыс істеу барысында сізге Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобының ішкі топтар құрылымы бұлттық сегменттер құрылымына сай келуі қажет болса, ереженің сипаттарында Жаңадан анықталған құрылғылардың сақтау орындарына қатысты ішкі топтарды жасау және Бұлттық сегменттерде сәйкестік жоқ ішкі топтарды жою параметрлерін қосып, ережені қолданыңыз.

  4. Құрылғы API арқылы табылды ашылмалы тізімінен мәнді таңдаңыз:
    • Жоқ. Құрылғы AWS API, Azure API немесе Google API көмегімен анықталмайды, яғни ол бұлтты ортадан тыс жерде орналасқан немесе бұлтты ортада орналасқан болса да, белгілі бір себептерге байланысты API көмегімен іздеу үшін қолжетімді емес.
    • AWS. Құрылғы AWS API арқылы табылды, яғни құрылғы AWS бұлтты ортасында орналасқан.
    • Azure. Құрылғы Azure API арқылы табылды, яғни құрылғы Azure бұлтты ортасында орналасқан.
    • Google Cloud. Құрылғы Google API арқылы табылды, яғни құрылғы Google бұлтты ортасында орналасқан.
    • Көрсетілмеген. Критерий қолданыла алмайды.
  5. Қажет болса, басқа бөлімдерде ереженің басқа да сипаттарын конфигурациялаңыз.

Жылжыту ережелері конфигурацияланған.

Сондай-ақ, қараңыз:

4-қадам. Сегмент сауалнамасы, бұлтты ортамен синхрондауды конфигурациялау және кейінгі әрекеттерді анықтау

Басына оралу